Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын екінші раундта жеңді

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын екінші раундта жеңді

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан Серік Теміржанов (60 келі) ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Отандасымыз 1/8 финалда замбиялық Эндрю Чилатамен кездесті. Жекпе-жек барысында Серік сенімді ойын көрсетті. Екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ширек финалға шықты.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.

Енді Сабыржан Аққалықов (75 келі) Жаңа Зеландия өкілі Таухиримати Тохерири-Халлитпен шаршы алаңға шығады.

ІBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген. Жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.

15 нокауты бар қазақ боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті

Әлімханұлын алмастырған боксшы қарсыласынан ойсырай жеңілді

Сәкен Бибосынов әлем біріншілігін жеңіспен бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или