Рафаэль Уразбахтин Дастан Сатпаевқа қатысты жағдай туралы пікір білдірді
«Кайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Олимпиакосқа» қарсы матч алдында Дастан Сәтпаевтың шеттетілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірқатар БАҚ-та ойыншы келесі ойынды ем қабылдау жоспарына байланысты бәрібір жіберіп алатындықтан, бапкердің кеңесімен әдейі сары қағаз алғаны жөнінде материалдар жарияланған еді.
Уразбахтин бұл ақпаратты жоққа шығарып, таралып жатқан мәліметтің еш негізі жоқ екенін атап өтті. Журналистердің сұрағына ол: «Мұндай ақпаратты сізге кім айтты? Солардан сұраңыз. Олар хайп қуып жүр» деп жауап берді.
Дастан Сәтпаев 9 желтоқсанда өтетін «Олимпиакосқа» қарсы матчты сары қағаздардың көптігіне байланысты жіберіп алады.
«Қайрат» – «Олимпиакос»: стадионға тез жетудің жолдары айтылды
«Тараз» футбол клубына жаңа директор тағайындалды
Грекиялық футболшы «Қайрат» ойыншыларына қатысты пікір білдірді