Оскар Юлбарисов Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстанды таңдады
«Горняк» форварды Оскар Юлбарисов Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортына ауысқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Хоккейші Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне еніп, Бірінші арна кубогына дайындыққа шақырылды.
— Қыркүйек айының басында Астанадағы Ресей консулдығына барып, өтініш бердім, ресейлік паспортымды тапсырдым. Енді мен толыққанды Қазақстан азаматы болдым.
— Белгілі бір ойыншыларды көргенде қатты ашуланамын және сұрақтар туындайды. Ережеге сай ойнау керек.
— Келісемін. Менде мынадай жағдай: жұбайым Қазақстаннан, қызымның да туу туралы куәлігі қазақстандық. Сондықтан біреуді алдаудың маған еш қажеті жоқ. Менде әлі күнге дейін ресейлік спорттық азаматтық бар және соның салдарынан мені Бейжіңдегі Азия чемпионатына Қазақстан құрамасына алмады деп түсіндірді. Бұл өте өкінішті болды. Мені алады деген сыбыс тараған еді.
— Саған кім хабарласты? Талғат Жайлауов, Леонид Метальников па?
— Олар біздің бапкерлер арқылы хабарласты. Бапкерлер өздері келіп айтты. Астанаға оқу-жаттығу жиынына жол жүруге бір апта қалғанда, әлі спорттық азаматтық Ресейдікі болғандықтан, шақыртудың күшін жойғандарын айтты. Қазір федерация оны өзгерту жұмысымен айналысып жатыр.
Қарағандылық хоккей клубына жаңа директор тағайындалды
Қазақстан жастары әлем чемпионатын сенсациялық нәтижемен бастады