Нұрлан Сапарбай бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай Дубайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) аясында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сапарбай 92 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда IBA-PRO өкілі Иман Раамезанпурделвармен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Сапарбай төрешілер шешімімен жеңіске жетіп (4:1), турнирдің ширек финалына жолдама алды. Қазақстандық боксшының қарсыласы әлем біріншілігіндегі өнерін аяқтады.
2025 жылғы әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады, жарыстың жалпы жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайды.
15 нокауты бар қазақ боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или