Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан Ерасыл Жақпеков (80 келі) жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы бұл жолы ресейлік Джамбулат Бижамовпен қолғап түйістірді. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді. Соған қарамастан төрешілер ресейлік спортшының жеңіске жеткенін жариялады. Осылайша отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі) бразилиялық Касио Сантос Оливьераны қапы қалдырды. Енді ел құрамасынан күндізгі сессияда Нурмагамед Юсупов (
92 келі) испаниялық Энмануэль Рейес, Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) бейратап елдің өкілі Иман Рамизанпурделвармен шаршы алаңға шығады.
Ал кешкі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) үндістандық Девендра Сингх Саланди Сабыржан Аққалықов (75 келі) Даңа Зеландия өкілі Таухиримати Тохерири-Халлит), Серік Теміржанов (60 келі) замбиялық Эндрю Чилатамен кездеседі.
ІBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген,. Жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.
Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.
15 нокауты бар қазақ боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті