Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев әлем кубогында алғашқы ұпайын еншіледі
Эстерсундте (Швеция) биатлоннан әлем кубогінің алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы жарыс күнінде із кесу сайысы өтті. Қазақстан құрамасынан осы жарысқа жалпы нәтиже бойынша тек Владислав Киреев жолдама алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, ол жарысты 45-ші орында бастап, мәреге 35-ші болып жетті. Киреев маусымдағы алғашқы алты ұпайын еншілеп, жалпы есепке үлес қосты.
Франция спортшысы Кентен Фийон-Майе жеңімпаз атанды. Екінші орынға швециялық Себастьян Самуэльссон, ал үшінші орынға норвегиялық Йохан-Олав Ботн жайғасты.
Қазақстандық конькишілер әлем кубогында 11 медаль еншіледі
Фристайлдан ӘK кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды