18 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте тағы бір үздік көрсеткішке қол жеткізді

18 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте тағы бір үздік көрсеткішке қол жеткізді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандықтардан Александр Бублик — 11, Александр Шевченко 95-орнын сақтады.

Сондай-ақ Дмитрий Попко (223), Тимофей Скатов (239), Бейбіт Жұқаевтың (280) нәтижелері өзгермесе, Денис Евсеев 371-ден 370-ке ауысты.

18 жастағы Әмір Омарханов өткен аптада 1 100-ден 859-сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингідегі өзінің үздік көрсеткішіне қол жеткізген еді. Бұл жолы ол тағы бір жеке рекордын тіркеп, бірден 828-орынға (+31) көтерілді.

Сонымен қатар Григорий Ломакин 961-ден 922-ге жоғарылады. 

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 5-орында қалса, Юлия Путинцева 72-ден 71-ге, Зарина Дияс 284-тен 283-ке қайта шықты. Жібек Құламбаева 334-тен 340-қа төмендеді. 

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалында бір жеңді, бір жеңілді

Қазақстандық жас теннисші тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Александр Бублик: «Өзімді өзгеріп бара жатырмын деп айта алмаймын»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или