UFC чемпионы Алекс Перейра салмақ ауыстыруы мүмкін

UFC чемпионы Алекс Перейра салмақ ауыстыруы мүмкін

UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Алекс Перейра ауыр салмаққа өту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Ол келесі жекпе-жегін Джон Джонспен немесе қазіргі ауыр салмақ чемпионы Том Аспиналлмен өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Перейра өзінің жоспары туралы былай деді:

«Мен Ақ үйде өтетін турнирде Джон Джонспен жекпе-жек жайлы айттым. Сонымен қатар үшінші чемпиондық белдік үшін ауыр салмақта өнер көрсету мүмкіндігін де талқыладым. Бірақ бұл менің қолымда емес. Өзімнің қалауларым бар, алайда бәрі сияқты мен де тек күтемін», – деді ол Omelete басылымына берген сұхбатында.

Алекс Перейра соңғы рет 2025 жылдың күзіне қарай UFC 320 турнирінде октагонға шығып, бірінші раундта Магомед Анкалаевты нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белдігін қайта қайтарып алған еді. Оның рекордында 13 жеңіс және 3 жеңіліс бар.

Тағы бір қазақ жауынгері UFC-де дебюттік жекпе-жегін өткізеді

Дамир Исмағұловтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Ислам Махачев Янның жеңісін бағалап, Двалишвилиге қолдау білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или