Футболдан Әлем чемпионатының финалы «Метлайф» стадионында өтеді
2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының финалы қай стадионда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық кездесу Нью-Джерсидегі Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан, 82,5 мың адам сыйымдылығы бар «Метлайф Стэдиумда» өтеді.
Айта кетейік, алдағы мундиаль тарихта алғашқы рет 32 емес, 48 құрама қатысатын әлем чемпионаты болмақ.
Дүбірлі ала доп додасы 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілде аралығында Канада, АҚШ және Мексиканың 16 қаласында өткізіледі деп жоспарланған.
Италия А сериясы: «Наполи» көш басына шықты
Ла Лига: «Реал Мадрид» өз алаңында жеңіліс құшты
Месси бастаған «Интер Майами» тарихта алғаш рет MLS чемпионы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или