Грекиялық футболшы «Қайраттың» алдағы ойынына болжам жасады
«Жеңістің» бұрынғы ойыншысы Василиос Карагунис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайрат» және грекиялық «Олимпиакос» командалары арасындағы Чемпиондар лигасының матчына өз болжамын берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» Қазақстанда ойнайтын кез-келген адам соңына дейін ұпай үшін күресуі керек екенін көрсетті. Климат жағдайлары қарсылас командаға теріс әсер етуі мүмкін. Екі команда да алғашқы үш ұпайын алғысы келеді, сондықтан бұл өте жақсы матч болады. Екі команда да турнир кестесінде жоғары көтерілу үшін ұпай жинай бастайды деп үміттенемін», – деді Карагунис.
«Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы матч 9 желтоқсанда «Астана Аренада» өтеді. Басталуы - 20:30.
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчына төрешілер тағайындалды
Наоми Датсон: Жаттығуды дұрыс жоспарлау – нәтижеге тікелей әсер етеді
Эксперт – Дациевтің «Тобылға» ауысуы туралы: ол бәсекелестік деңгейін арттырады