Үстел теннисінен өткен мықтылар турнирі өз мәресіне жетті
Астанада үстел теннисінен Қазақстанның ең мықты спортшылары бас қосқан турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа ұлттық рейтингте жоғары тұрған 12 ер және 12 әйел спортшы қатысты.
Жеңіс тұғырының биік сатысына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан ұлттық құрамасының үстел теннисшілері Айдос Кенжіғұлов пен Зәуреш Ақашева көтерілді.
Ерлер
1-орын - Айдос Кенжіғұлов (Алматы)
2-орын - Санжар Жұбанов (Алматы)
3-орын - Ырысбек Артукметов (Шымкент)
Әйелдер
1-орын - Зәуреш Ақашева (Қарағанды)
2-орын - Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)
3-орын - Әнел Бақыт (Алматы).
Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті
Қазақстандық жас талант Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты