Әліби Ыдырыс ақпан айында UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық жауынгер, «Қан мен тер» лақап атымен танымал Әліби Ыдырыстың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ММА-инсайдері Марсель Дорффтың мәліметінше, Әліби Ыдырыс (10-1) ямайкалық Оде Осборнмен (13–9) кездеседі. Жекпе-жек 21 ақпанда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін UFC турнирі аясында ұйымдастырылады.
Бұған дейін, 2023 жылғы 5 тамызда Осборн тағы бір қазақстандық спортшы — Асу Алмабаевпен (23–3) күш сынасып, екінші раундта жеңіліс тапқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter финалында Джозеф Моралеске жол берген болатын. Әлібидің UFC 319 іріктеу турниріндегі жеңілісіне қарамастан, ұйым оның мүмкіндіктерін жоғары бағалап, 4 жекпе-жекке келісімшарт ұсынды. Осылайша, ол UFC-де өнер көрсететін жетінші қазақстандық спортшы атанған еді.
Дамир Исмағұловтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Ислам Махачев Янның жеңісін бағалап, Двалишвилиге қолдау білдірді