Қазақстандық конькишілер әлем кубогында 11 медаль еншіледі
Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы ірі халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, 11 медальға қол жеткізді.
Кристина Шумекова үш мәрте жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді. Ол 1000, 1500 және 3000 метр қашықтықтарында алтын жүлдеге ие болды.
Алина Дауранова 500 метр қашықтықта (нео-сеньорлар санаты) ел қоржынына алтын медаль салды.
Нео-сеньорлар санатында 1000 метр қашықтықта Дарья Важенина мен Дмитрий Осипенко күміс жүлдеге ие болды. Ал Алина Дауранова мен Андрей Семёнов қола медаль жеңіп алды.
Инесса Шумекова 500 метр қашықтықта екінші орынға тұрақтаса, Дмитрий Осипенко 1500 метрде күміс жүлдені еншіледі.
Сондай-ақ Абылайхан Қайырғазы масс-стартта екінші болып мәреге жетті.
Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды