15 нокауты бар қазақ боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіби боксшы Дастан Садуұлы (16-4, 15 КО) келесі жекпе-жегін бүгін, 8 желтоқсанда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, ол Ресейдің Петербор қаласында өтетін бокс кешінде ресейлік Алексей Мазурмен (11-1, 5 КО) кездеседі. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Дастан Садуұлының соңғы жекпе-жегі 7 қазанда Ақтөбеде өтті, онда ол жергілікті спортшы Заманбек Данабековті (7-5, 5 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или