Италия А сериясы: «Наполи» көш басына шықты

Италия А сериясы: «Наполи» көш басына шықты

«Наполи» Италия чемпионатының 14-ші турында өз алаңында «Ювентусты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неапольдегі матч 2-1 есебімен аяқталды. Расмус Хёйлунд дубль авторы атанды, ал Кенан Йылдыз «Ювентустың» жалғыз голын  соқты.

«Наполи» лигадағы үшінші ойынында қатарынан жеңіске жетіп, 31 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.

«Ювентус» (23) жетінші орында.

«Наполи» келесі ойында 14 желтоқсанда сырт алаңда «Удинеземен» ойнайды, ал «Ювентус» сол күні сырт алаңда «Болоньямен» матч өткізеді.


Ла Лига: «Реал Мадрид» өз алаңында жеңіліс құшты

Месси бастаған «Интер Майами» тарихта алғаш рет MLS чемпионы атанды

Италия кубогы: «Лацио» - «Милан» матчының тағдырын бір ғана гол шешті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или