Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Даваадалай Алтангэрэлмен кездесіп, үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл жеңісімен Зейнуллинов 1/8 финалға шықты, ал оның қарсыласы әлем чемпионатын аяқтады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында барлық 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады, чемпионаттың жалпы жүлде қоры 8,32 миллион доллар.

Әлімханұлын алмастырған боксшы қарсыласынан ойсырай жеңілді

Сәкен Бибосынов әлем біріншілігін жеңіспен бастады

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында нокаутпен дебюттік жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или