Соккадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шыға алмады
Соккадан Қазақстан құрамасы Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Қазақстан турнир иесі Мексикамен кездесіп, 0:5 есебімен жеңілді. Қазақстан енді үшінші орын үшін матчта Польша-Нидерланды матчында жеңілген командамен ойнайды. Мексика финалда осы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Уругвайды 4:1 есебімен ұтып, Франциямен 1:1, Нидерландымен 2:2 есебімен тең түскен болатын. Одан кейін Қазақстан ширек финалда Украинаны 1:1 (пенальти бойынша 2:1) есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или