57 келі: Асылқұлов 1/16 финалда қарсыласын оңай жеңді

57 келі: Асылқұлов 1/16 финалда қарсыласын оңай жеңді


Бүгін Дубайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күндізгі сессияда Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов рингке шықты. 1/16 финал кезеңінде 57 келі салмақта ол Кабо-Верден келген Элисандро Санчес да Силвамен жұдырықтасып, қарсыласына мүлде мүмкіндік берген жоқ.

Бұл — 27 жастағы отандасымыздың әлем чемпионатындағы алғашқы жорығы. Өткен жылы ол Азия чемпионатында күміс жүлде алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или