Умар Нурмагомедов: «24 қаңтарда кімді күту керегі белгілі болады»

Умар Нурмагомедов: «24 қаңтарда кімді күту керегі белгілі болады»

Ресейлік UFC жауынгері Умар Нұрмағомедов Петр Янның Лас-Вегаста өткен UFC 323 турниріндегі жарқын жеңісінен кейін оған жеке үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жолы Ян грузин Мераб Двалишвилиді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қайта иеленді. Жеңістен кейін Умар Нұрмағомедов әлеуметтік желіде пікір білдіріп, Янды құттықтап қана қоймай, келесі қарсылас кім болуы мүмкін екенін аңғартты.

Оның айтуынша, өзі қатысатын келесі жекпе-жектен кейін жағдай айқын болмақ. «Керемет айқас, өте жоғары деңгей. Петрге құттықтау. Ойлаймын, 24 қаңтарда бәрі белгілі болады», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Умар Нұрмағомедов 2026 жылдың 24 қаңтарында Лас-Вегаста өтетін UFC 324 турнирінде бразилиялық Дейвесон Фигередомен октагонға шығады.

Ислам Махачев Янның жеңісін бағалап, Двалишвилиге қолдау білдірді

Двалишвили Янмен жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

Қазақстан тумасы UFC-де басты кардта бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или