Қазақстан U20 хоккейшілері әлем біріншілігіне дайын: соңғы құрам анықталды
Қазақстанның жастар хоккей құрамасы Норвегия және Словениямен өткен екі жолдастық ойынды аяқтап, әлем чемпионатына қатысатын негізгі тізімді бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz. Норвегиямен кездесуде команда буллит сериясында жеңісті қолдан шығарып алды, ал Словенияны сенімді түрде тізе бүктірді.
Басты құрамға 23 ойыншы енді: үш қақпашы және жиырма бір полевой хоккейші. Қақпашылар қатарында Танирхан Алпысбаев («Wind City / Tri City Storm», AAA), Даулет Қуат пен Дмитрий Ряшин («Снежные Барсы») бар.
Қорғаныста Дамир Бритиков, Нұрислам Зияш, Санжар Ибрагим, Игнат Шевченко, Мстислав Шипилин («Снежные Барсы»), Мажит Имашев («Elite Hockey Academy»), сондай-ақ «Номад» ойыншылары Александр Макаров пен Руслан Түсіпбеков бақ сынайды.
Шабуыл шебінде Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL), Виталий Божко, Тимофей Симонов («Сарыарқа»), Роман Двуреченский, Карим Кажыбеков, Александр Перкин («Снежные Барсы»), Корней Корнеев («Victoriaville Tigres», QMJHL), Тимур Миндубаев («Номад»), Алишер Сәркенов («Prince Albert Raiders», WHL), Асанәлі Сәркенов («Spokane Chiefs», WHL), Матвей Умеренков («Ладья», МХЛ) және Семен Черкасов («Красноярские Рыси», МХЛ) өнер көрсетеді.
Команданы бас бапкер Антон Васин бастап келеді. Жаттықтырушылар құрамында Ринат Омарбеков, қақпашылар бапкері Алексей Плотников, видео-талдаушы Виктор Терехов және ОФП жаттықтырушысы Андрей Кисель бар. Ұлттық құраманың бас менеджері — Александр Корешков.
«Барыс» бас бапкері қиын кездегі жеңісті қалай бағалады