Астанада өтетін ойынға грек клубы құрамын жариялады

Астанада өтетін ойынға грек клубы құрамын жариялады


Грекияның «Олимпиакос» клубы Алматының «Қайратына» қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сырт алаңдағы ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 9 желтоқсанда Астанада өтетін турнирдің алтыншы туры аясында өтеді.

Грек командасының өтінімінде үш қақпашы, он қорғаушы, тоғыз жартылай қорғаушы және үш шабуылшы бар. Құрамда Николаос Ботис, Родиней, Даниэл Поденсе, Аюб Эль-Кааби мен Роман Яремчук секілді негізгі ойыншылар да тіркелген.

«Олимпиакос» толық құрамы:

Қақпашылар: Николаос Ботис, Георгиос Кураклис, Константинос Дзолакис.

Қорғаушылар: Франсиско Ортега, Жюльян Бьянкон, Лоренцо Пирола, Алексиос Калогеропулос, Коштинья, Родиней, Бруно Оньемаечи.

Жартылай қорғаушылар: Диогу Насименту, Желсон Мартинш, Дани Гарсия, Лоренцо Шипиони, Чикиньо, Габриэль Стрефецца, Сантьяго Эссе, Даниэл Поденсе, Ставрос Пневмонидис, Христос Музакитис.

Шабуылшылар: Аюб Эль-Кааби, Роман Яремчук, Мехди Тареми.

Наоми Датсон: Жаттығуды дұрыс жоспарлау – нәтижеге тікелей әсер етеді

Эксперт – Дациевтің «Тобылға» ауысуы туралы: ол бәсекелестік деңгейін арттырады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или