Мераб Двалишвили: «Бұрынғыдан да мықты болып ораламын»
UFC-дің бұрынғы чемпионы, грузиялық Мераб Двалишвили Петр Янмен болған титулдық айқастағы жеңілістен кейін жанкүйерлеріне арнап пікір қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне жазылған қолдау сөздеріне алғыс білдіріп, қайта оралуға уәде етті.
Двалишвили айқастан кейін: «Бүгін мен үшін сәтті күн болмады, бірақ бұрынғыдан да мықты болып ораламын. Барлық қолдау білдіргендерге рахмет», — деп жазды.
7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінде Ян мен Двалишвилидің титулдық кездесуі толық бес раундқа созылып, ресейлік спортшының бірауыздан жеңісімен аяқталды (49-46, 49-46, 48-47).
Қазіргі таңда Мераб Двалишвилидің қоржынында 20 жеңіс пен 5 жеңіліс бар. Бұл айқасқа дейін ол 14 жекпе-жекті қатарынан жеңіп келген еді.
Ислам Махачев Янның жеңісін бағалап, Двалишвилиге қолдау білдірді