Двалишвили ауыр шайқастан соң шұғыл медициналық көмек алды
UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Мераб Двалишвили Петр Янмен өткен титулдық айқасты өте ауыр жағдайда аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек біткен бойда грузин спортшысына дәрігерлердің көмегі қажет болып, ол аренадан жедел жәрдем көлігімен алып кетілді. Онымен бірге октагоннан Алджамейн Стерлинг те шықты. Двалишвили желіде жедел жәрдем ішінен видео жариялап, Стерлингпен бірге ауруханаға бара жатқанын айтты.
Ол Stories-те: «Бүгін менің күнім болмады, бірақ бұрынғыдан да мықты боп ораламын. Қолдау білдіргендердің бәріне рақмет», деп жазды.
Бес раундқа созылған айқас Петр Янның төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, ресейлік спортшы өзінің жеңісті сериясын төрт жекпе-жекке ұзартып, жалпы көрсеткішін 20 жеңіс және 5 жеңіліске жеткізді. Ал 14 жекпе-жектен тұратын әсерлі сериясы үзілген Мераб Двалишвилидің де рекорды — 20 жеңіс және 5 жеңіліс.