Эксперт – Дациевтің «Тобылға» ауысуы туралы: ол бәсекелестік деңгейін арттырады
Спорт журналисі және Қырғызстан футбол қауымдастығының қызметкері Теңгелбес Мусаев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Тобылға» ауысуы мүмкін ойыншы Саид Дациев туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Саид қорғаныстың кез-келген нүктесінде ойнай алады, бірақ көбінесе қапталда ойнайды: оң жақта ма, сол жақта ма – бәрібір. Ол шабуылдарға қосылғанды жақсы көреді, күшті соққысы бар және қақпаны алыстан көздеп көруден тартынбайды. Ол еңбекқор, физикалық тұрғыдан мықты ойыншы.
Мен Дациевтің көбінесе өз бетінше жұмыс істейтінін және жаттығу залында көп уақыт өткізетінін білемін. Оның жеке қасиеттеріне келетін болсақ, оны өте тәрбиелі жігіт деп атар едім: ол үлкендерді құрметтейді және тыңдайды. Менің ойымша, бұл командалық спорттағы маңызды қасиет», – деді сарапшы.
Мусаевтың айтуынша, 22 жастағы қорғаушы «Тобыл» сапында бәсекелестік деңгейін арттырады екен:
«Ойыншы бұған дейін шетелде ойнамаған және оның салыстырмалы түрде жас екенін ескере отырып, ҚПЛ-ға қаншалықты тез бейімделетінін айту қиын. Бірақ ол бәсекелестік деңгейін міндетті түрде арттырады»:
«Барс» сапында ойнайтын Қырғызстан чемпионы ҚПЛ-дың бірнеше клубымен байланыста отыр. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, олардың қатарында қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап жүрген «Тобыл» бар.
Өткен маусымда Дациев 23 матч өткізіп, екі гол соқты. Ол Азия кубогына дайындалып жатқан Қырғызстан U23 құрамасының қазіргі капитаны.
Бұған дейін «Барстың» бұрынғы қақпашысы Азамат Жомартов Дациев туралы пікір білдірген болатын.
Қазақстан құрамасының шабуылшысына Ресейдің екі клубы қызығушылық танытты