Двалишвили — Ян жекпе-жегі сенсациялық нәтижемен аяқталды

Двалишвили — Ян жекпе-жегі сенсациялық нәтижемен аяқталды

Бүгін таңертең, Қазақстан уақыты бойынша, UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегі АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста грузиялық файтер Мераб Двалишвили (21-4) мен ресейлік Петр Ян (19-5) арасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Двалишвили UFC-дегі титулын бәске тікті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек өте тартысты өтті. Төрешілер жекпе-жекті бірауыздан Янның (49-46, 49-46, 48-47) пайдасына шешті. Басында грузиялық фаворит саналған еді. Осылайша, Петр өзінің мансабындағы 20-шы жеңісіне жетті, ал Мераб MMA-дағы бесінші жеңілісіне ұшырады. 

Айта кету керек, бұл Мераб Двалишвили мен Петр Янның сегізбұрыштағы екінші кездесуі. 2023 жылдың наурыз айында грузиялық файтер Янды ұтқан еді.


Мьянма файтері UFC чемпионы атанды

Қазақ файтері өзбекстандық қарсыласын жеңді

Махачевтің менеджері титул жекпе-жегіне Усманды ұсынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или