Ла Лига: «Атлетико Мадридтің» сәтсіз сериясы жалғасты
7 желтоқсан түні Испания Ла Лигасының 15-ші туры аясында Бильбаода жергілікті «Атлетик» пен «Атлетико Мадрид» командалары арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алекс Беренгуэр ойынның соңында матчтағы жалғыз голды соқты.
Бұл Диего Симеоненің командасы үшін қатарынан екінші жеңіліс болды: алдыңғы турда «матрасшылар» «Барселонадан» жеңілген болатын.
«Атлетико» қазір 31 ұпаймен төртінші орында, үшінші орында тұрған «Вильярреалдан» төрт ұпайға артта қалып отыр.
Симеоненің командасын жеңген «Атлетик Бильбао» қазір 23 ұпай жинап, жетінші орында тұр.
«Атлетик Бильбао» – «Атлетико Мадрид» – 1-0 (0-0)
Гол: Беренгуэр, 85 (1-0)
Месси бастаған «Интер Майами» тарихта алғаш рет MLS чемпионы атанды
Италия кубогы: «Лацио» - «Милан» матчының тағдырын бір ғана гол шешті
«Барселона» испаниялық қорғаушымен жаңа келісімшартқа отырады