Эрисланди Лара чемпиондық белбеуін сақтап қалды
АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өткен бокс кешінде кубалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 нокаут) мен венесуэлалық Йохан Гонсалес (36-4, 34 нокаут) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лара орта салмақтағы WBA титулын бәске тікті. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер кубалық спортшыға жеңісті берді (118-108, 119-107, 120-106). Эрисланди жекпе-жек барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, Лара өзінің мансабындағы 32-ші жеңісіне қол жеткізіп, белбеуін қорғап қалды, ал Гонсалес кәсіби бокста бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Естеріңізге сала кетейік, Эрисланди Лараның қарсыласы бастапқыда WBO/IBF орта салмақтағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) болуы керек еді, бірақ жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандықтың қанынан тыйым салынған мельдоний препараты табылды. Нәтижесінде Жәнібек жекпе-жекке шығу мүмкіндігінен айырылды.
Сәкен Бибосынов әлем біріншілігін жеңіспен бастады
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында нокаутпен дебюттік жеңіске жетті
Головкин өзінің Халықаралық бокс даңқы залына түрде қабылданғанын растады