Қазақстан боксшылары Дубайда сегізінші жеңісіне жетті
Қазақстан боксшылары Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында жеңісті қарқынмен жалғастырып келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов моңғолиялық Цэндбаатар Эрдэнэбаттан басым түсіп, төрешілердің бірауызды шешімімен — 5:0 жеңіске жетті.
Осы нәтижемен Теміржанов келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы жарысты осы сатыда аяқтады.
Бұл — Қазақстан құрамасының ЧМ-2025-тегі қатарынан сегізінші жеңісі. Бұған дейін Даниял Сабит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Санатали Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалыков (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг) және Нұрмұхаммед Юсупов (92 кг) өз жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді.
Сәкен Бибосынов әлем біріншілігін жеңіспен бастады
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында нокаутпен дебюттік жеңіске жетті
Головкин өзінің Халықаралық бокс даңқы залына түрде қабылданғанын растады