Михаил Кравец «Спартакпен» ойындағы жеңіс туралы: «Бүгін команда болды»

Михаил Кравец «Спартакпен» ойындағы жеңіс туралы: «Бүгін команда болды»


«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец «Спартакқа» қарсы овертаймдағы жеңісті (4:3) бағалап, ойыннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол ең алдымен жанкүйерлерге алғыс айтып, қиын жағдайдан кейінгі жеңістің команда үшін ерекше маңызын атап өтті.

Кравецтің айтуынша, ұзақ сырт алаңдағы сәтсіз сериядан кейін жігіттер бүгін жеңіске ерекше жігермен шыққан. «Бізде ауыр кезең болды. Бірақ клубта мереке, жанкүйерлер келді, жігіттер соған сай өте жақсы дайындалды. Жағымсыз сәттерге қарамастан, ешкім берілмеді», – деді ол.

Бапкер әсіресе екінші және үшінші кезеңдегі басымдықты ерекше атады. «Сол екі кезеңде біз «Спартакты» басып тастадық, көптеген мүмкіндіктер жасадық. Үш период бойы команда өте дұрыс ойнады. Біз сұрағанның бәрін орындады», – деді маман.

Кравец «Барыстың» бүгінгі жеңісі — бірлік пен дұрыс көңіл-күйдің нәтижесі екенін айтты: «Команда болған жерде осындай ойын шығады. «Сибирьмен» матчта команда болмады, ал бүгін — болды. Әр кездесу дәл осылай бастан аяқ бірлікпен өтуі қажет».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или