Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында сәтті дебют жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 75 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузенмен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Ал бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірген.
Бұл нәтиженің арқасында Аққалықов 1/16 финалға жолдама алып, әлем біріншілігіндегі медаль үшін күресін жалғастырып жатыр. Айта кетейік, Сабыржан 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған еді.