Бибосынов 1/8 финалға жолдама алды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz. 54 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда ол Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецемен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңді.
Жекпе-жек бастан-аяқ Бибосыновтың бақылауында өтті. Ол қарқынын үнемі үдетіп, дәл соққыларымен үстем болды. Осылайша Сәкен 1/8 финалға өтті және әлем чемпионатындағы жүлдеге таласын жалғастырады.
Әлем біріншілігі 4–13 желтоқсан аралығында өтуде. Турнир жеңімпаздары 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлер 150 мыңнан, ал қола медаль иегерлері 75 мың доллардан алады. Төрттік финалға шыққан спортшылардың өзі 10 мың доллар сыйақы иеленеді.
Сәкен Бибосынов әлем біріншілігін жеңіспен бастады
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында нокаутпен дебюттік жеңіске жетті
IBA аясындағы бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан кімдер шығады