Мераб Двалишвили – Петр Ян реваншында рекордтық гонорарлар күтіліп отыр

Мераб Двалишвили – Петр Ян реваншында рекордтық гонорарлар күтіліп отыр


UFC-дің жеңіл салмақтағы (61 кг) чемпионы Мераб Двалишвили мен бұрынғы чемпион Петр Ян 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 323 турнирінде реванш өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. Жекпе-жекке байланысты қаржылық қызығушылық өте жоғары, қос спортшы да мансабындағы ең ірі төлемдерді алуы мүмкін.

Петр Ян үшін бұған дейінгі ең үлкен қаламақы — Алджамейн Стерлингке қарсы өткен реванштағы 1,15 млн доллар. Алдағы титулдық айқаста ресейлік файтер кемі 500 мың доллар табады деген болжам бар, алайда нақты сома бұдан әлдеқайда жоғары болуы ықтимал.

Двалишвили соңғы жылдары UFC-дің ең қымбат төленетін спортшыларының біріне айналды. Оның титулдық жекпе-жектердегі гонорары 1,43 млн мен 2,34 млн доллар аралығында болған. Реванштың статусы мен айқасқа деген ерекше қызығушылықты ескерсек, бұл жолы грузин чемпионының табысы кемінде 2 млн доллар шамасында болуы күтіледі.

Екі файтердің ресми гонорары жекпе-жектен кейін жарияланады.

Қазақ файтері өзбекстандық қарсыласын жеңді

Махачевтің менеджері титул жекпе-жегіне Усманды ұсынды

Александр Бублик UFC-ді не үшін қарайтынын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или