Макгрегор Махачевке қарсы жекпе-жекке дайын екенін айтты

Макгрегор Махачевке қарсы жекпе-жекке дайын екенін айтты


UFC-дің екі дивизионда бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор жартылай орта салмақта белдік үшін Ислам Махачевпен айқасуды қалайды, деп хабарлайды Prosports.kz. Ирландиялық спортшы бұл жекпе-жек өзіне де, жанкүйерлерге де қызық болатынын айтты.

Макгрегордың сөзінше, ол дәл осы салмақта титул үшін күрескісі келеді және Махачевтің жоғары салмаққа көтеріліп, жақсы өнер көрсеткенін атап өтті. «Бұл тамаша айқас болар еді. Солқай қарсы солқай. Ислам батылдық танытып, салмақ көтерді — құрмет», — деді ол.

Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шығып, бірінші раундта Дастин Порьеге техникалық нокаутпен (аяқ жарақаты) есе жіберген. Қоржынында — 22 жеңіс және 6 жеңіліс.

Ал Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы қарашада UFC 322 турнирінде өткізіп, Джек Делла Маддаленаны төрешілердің шешімімен жеңді. Оның рекорды — 28 жеңіс, 1 жеңіліс.

Айта кетейік, бұл салмақта титулға кезекті үміткерлердің бірі — бір жыл октагонға шықпаған қазақстандық Шавкат Рахмонов. Ол 2024 жылы ирландиялық Иэн Гэрриді бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңген болатын.

Қазақ файтері өзбекстандық қарсыласын жеңді

Махачевтің менеджері титул жекпе-жегіне Усманды ұсынды

Александр Бублик UFC-ді не үшін қарайтынын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или