IBA аясындағы бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан кімдер шығады

IBA аясындағы бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан кімдер шығады

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 6 желтоқсанда ел құрамасынан төрт боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндізгі сессияның басталу уақыты Қазақстан уақытымен 18:00–ге белгіленген. Ел құрамасынан Сабыржан Аккалыков (75 келі) шамамен 20:45–те Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузинмен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессия Қазақстан уақытымен 22:00–де басталады. Бұл сессияда еліміздің атынан үш былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Алдымен 22:30–да Даниял Сәбит (51 келі) кениялық Келвин Майнамен кездессе, дәл сол уақытта басқа рингте Сәкен Бибосынов (54 келі) бразилиялық Катего Кеорапетсемен шеберлік байқасады.

Бұл күні ел құрамасынан соңғы жекпе-жекті Серік Теміржанов (60 келі) моңғолиялық Эрдэнэбатын Цэндбаатарға қарсы өткізеді. Олардың жекпе-жегі шамамен 00:15–ге белгіленген.

Айта кетсек, қазірге дейін отандастарымыз арасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или