Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды

5 желтоқсанда Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының отырысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жиын барысында қатысушылар 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын, ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін талқылап, жаңа маусымға қойылған міндеттерді қарастырды. Сондай-ақ федерация президентін сайлау өтті.

Жиынға қатысушылардың шешімімен федерацияның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.

Ол өз еркімен қызметінен кеткен Дәулет Тұрлыхановтың орнына келді.

"Күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Сенім білдірген барша жандарға мың алғыс және өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін", - деді Еркін Оқасов. 

Бейбарыс Қаблан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Тамерлан Тілеулес таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына екінші медальді салды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или