Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Семей» ширек финалға шықты
5 желтоқсанда футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы қарымта матчтар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Семей» Польшаның «Пяст-Гливице» клубына қарсы кездесуде сырт алаңда жеңіске жетті. Айта кетейік, алғашқы ойын Қазақстанда 3:3 есебімен тең аяқталған болатын.
Қарымта матчта шығысқазақстандық команда 0:2 есебімен жеңіліп жатқанымен, камбэк жасап, жеңіске жетті - 3:5.
Тағы бір қызық жайт: 2:2 есебінен кейінгі ойын өрнегі бүгінгі «Қайрат» пен «Андерлехт» матчын қайталады — 3:2, 4:2, 4:3 және 5:3.
Осылайша семейліктер де алматылықтар секілді турнирдің ширек финалына жолдама алды.
«Қайрат» сенсацияға жол бермеді
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Уругвайды жеңді
«Аят» «Қарағандыны» жеңіп, маңызды үш ұпай алды
Игитаның «Пяст» клубына қарсы матчта не үшін алаңға шықпағаны білгілі болды