Рой Джонс Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты ойын айтты

Рой Джонс Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты ойын айтты

Жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион, төрт салмақта әлем чемпионы атанған әйгілі боксшы кіші Рой Джонс Астанада жас боксшыларға арналған шеберлік сағатын өткізеді. Іс-шара Астана қаласы Спортты дамыту дирекциясының қолдауымен өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын кіші Рой Джонс Қазақстанға келіп, Қарағандыда өткен бокстан Қазақстан чемпионатына қатысқан болатын. Ол бұл сапарға спорт функционері Нұрғазы Жаралғапов пен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің шақыруымен келген. Еске сала кетсек, сол кезде Рой Джонс чемпионаттың басты қонағы болып, ашылу салтанатында рэп орындаған.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы жөнінде пікір білдірген Рой Джонс әзірге нақты қорытынды жасау ерте екенін айтты.

— Иә, мен Жәнібек Әлімханұлын білемін. Допинг мәселесіне келсек, нақты ештеңе айта алмаймын. Бүгінде оның түрі көп, ал спортшыларды әртүрлі әдіспен тексереді: кейде барлық параметр бойынша бірден тексеріп жатады. Сондықтан біржақты пікір айту қиын. Менің білуімше, әдетте екі сынама алынады. Егер біріншіден күмәнді зат табылса, екіншісін тексереді. Ал екінші сынама таза болса, спортшыда бәрі қалыпты деп есептеледі, - деді америкалық боксшы.

Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлын өмір бойына бокстан шеттетуді ұсынды

Допинг дауы: Екінші сынаманың нәтижесі күтілуде

Жәнібектің допинг қабылдамағанына сенімдіміз — Туризм және спорт вице-министрі

DAZN журналисі Жәнібек Әлімханұлының жағдайына алаңдаушылық білдірді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или