Николай Костов «Ақтөбе» бас бапкері қызметінен кетеді
Болгариялық жаттықтырушы Николай Костов «Ақтөбеден» кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Серый CARDINAL» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Бар ақпаратқа сәйкес, «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Николай Костов қызметінен босатылмақ. Оның орнына анағұрлым тәжірибелі маман келеді деп күтіліп отыр», - делінген хабарламада.
Костов биыл тамызда «Ақтөбенің» тізгінін ұстаған еді. 63 жастағы болгар маманы бұған дейін Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария клубтарында жұмыс істеген. 2002 жылы «Анортоз» клубымен Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда «Шахтер» мен «Каспий» командаларын жаттықтырған.
2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» бесінші орынды иеленіп, еурокубоксыз қалған еді.
Ұлттық құрама ойыншысы «Қайраттан» кетпейді