Дәулет Тұрлыханов орнына Еркін Оқасов. Қазақстан күрес федерациясының президенті ауысты

Дәулет Тұрлыханов орнына Еркін Оқасов. Қазақстан күрес федерациясының президенті ауысты

Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін мен Қазақстан күрес федерациясының Президенті қызметін аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл сәтті мен терең алғыс сезімімен және ішкі тыныштықпен қабылдаймын.Өзінің жүрегін Қазақстан күресін дамытуға арнап, соңғы 4 жылда бірге еңбек еткен әрбір жанға – бапкерлерге, спортшыларға, өңірлік федерацияларға, төрешілерге, дәрігерлерге, массажистерге, серіктестерімізге және күн сайын табанды еңбек еткен барлық азаматтарға шынайы алғыс айтқым келеді», - деді Тұрлыханов.

Оның басшылығы кезеңінде Қазақстанның жетістіктері айтылды: 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдесі, ересектер арасында 3 әлем чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 3 әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында 4 әлем чемпионы, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында 4 әлем чемпионы.

Оның орнына Еркін Оқасов сайланды. Ол - Батыс Қазақстан облысының тумасы. Кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Осы уақытқа дейін «Qazaq kuresi» қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.

«Күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Сенім білдірген барша жандарға мың алғыс және өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін!» – деді Еркін Оқасов.

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты: алғашқы жеңімпаздар белгілі болды

Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или