Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлына ең қатаң жаза қолданылуға тиіс деп санайды
Кубалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) допинг-сынамадан сүрінгенінен кейін оған ең қатаң жаза қолданылуға тиіс деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Маған қарсы шығу үшін оған неге допинг қолдану керек? Мен 42 жастамын ғой. Ол неден қорқады? Бұның бәрі бекер. Менің ойымша, оған үлгі боларлықтай жаза берілуі керек және ол енді ешқашан жұдырықтаса алмайтындай болуы тиіс, - деді Лара.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегі 7 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) өтуі керек болатын. Алайда қазақстандық боксшының бір сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталып, жекпе-жек өтпей қалды. Лараның жаңа қарсыласы - венесуэльдық Хоан Гонсалес (36-4, 34 KO).
Допинг дауы: Екінші сынаманың нәтижесі күтілуде
Жәнібектің допинг қабылдамағанына сенімдіміз — Туризм және спорт вице-министрі
DAZN журналисі Жәнібек Әлімханұлының жағдайына алаңдаушылық білдірді