«Барыс» Астанада тамаша камбэк жасады
5 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасында бірнеше матч өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шығыс конференциясында төмен тұрған астаналық «Барыс» мәскеулік «Спартакты» қабылдады.
«Барыс» алғаш болып көзге түсті – 5-минутта Самат Данияр мен Джейк Массидің пасынан кейін Аңсар Шайхмедденов қызыл-ақтардың қақпасына шайба соқты. Алайда үзіліске дейін-ақ мәскеуліктер Адам Шилдің қақпасын екі рет дәл көздеп, алға шықты. Кейін олар есеп айырмасын ұлғайтты.
30-минуттың соңына таман Райли Уолш есеп айырмасын қысқартты. Ал екінші үзіліске сегіз минут қалғанда Джейк Масси есепті 3:3-ке жеткізді.
Үшінші кезеңде командалар бірде-бір шайба соқпады. Ал овертаймда астаналықтар жеңісті жұлып әкетті – 4:3.
Осылайша, елордалық команда төрт матчқа созылған жеңіліс сериясына нүкте қойды.
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдында Словенияны жеңді