«Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
5 желтоқсанда футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта матчтар өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық «Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Спортинг-Андерлехт» клубын қабылдады. Алғашқы кездесуде алматылықтар сырт алаңда 7:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Қарымта ойында алматылықтар 7-минутта (Рашит) есеп ашып, бельгиялықтарды оңай жеңетіндей көрінді, алайда бірінші таймды 1:2 есебімен ұтылып бітірді. Қарсылас бір пенальтиді де жүзеге асыра алмады.
Бірақ үзілістен кейін бәрі өз арнасына түсті: Оразовтың дублі және 37-минуттағы Жоау Паулоның шешуші голы есепті 4:2-ге жеткізді. Алайда бельгиялықтар есепті 4:3 қылған, ал «қайраттықтар» соңғы минутта Атирсон Силваның көмегімен 5:3 есебін тіркеді.
Осылайша, «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Уругвайды жеңді
«Аят» «Қарағандыны» жеңіп, маңызды үш ұпай алды
Игитаның «Пяст» клубына қарсы матчта не үшін алаңға шықпағаны білгілі болды