Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин үндістандық Ишаке Экбалмен жұптасып, Гвалиор (Үндістан) қаласында өткен жұптық сындағы турнирдің финалисі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Ломакин мен Экбаль үнді теннисшілері Ариан Лакшманан мен Маниш Сурешкумарға қарсы ойнап, екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Финалда қазақстандық спортшы мен оның серіктесі тағы бір үнді жұбы - Ариан Шах / Атхарва Шармаға қарсы сынға түседі.

Сондай-ақ Григорий Ломакин жекелей сында матч өткізді: жартылай финалда ATP рейтингінде 961-орында тұрған қазақстандық теннисші 917-орындағы үнді спортшысы Дигвиджай Сингхпен кездесіп, екі сетте 6:7, 2:6 есебімен жеңілді.

Қазақстандық жас теннисші тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Александр Бублик: «Өзімді өзгеріп бара жатырмын деп айта алмаймын»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или