Нұрлан Сапарбайдың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Нұрлан Сапарбайдың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық суперауыр салмақ боксшысы Нұрлан Сапарбайдың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы IBA-PRO атынан сынға түсетін Иман Рамезанпур Дельвар болады. Ол +92 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финал кезеңінде ирандық Әмір Есмаэли Вандаэиді төрешілер шешімімен жеңl3. Енді Дельвар 1/8 финалда 2025 жылғы Қазақстан чемпионымен кездеседі.

IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлдеқоры - 8,32 миллион доллар.

Кәсіпқойдан әуесқой боксқа оралған қазақстандық әлем чемпионатын жеңіспен бастады

ӘЧ: Қазақ боксшылары қатысатын үш жекпе-жектің тікелей трансляциясы

Қаны қазақ өзбекстандық боксшы әлем чемпионатын сәтті бастады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или