Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды
Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатында кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, алдын ала кезеңде отандастарымыз H тобында соңғы орынға ие болып, үш ойында қарсыластарына жол берген еді.
Қазір қазақстандық спортшылар жұбаныш кезеңінде өнер көрсетіп, 25-тен 32-орынға дейінгі орындар үшін таласуда.
Қазақстандық гандболшылар Куба құрамасына есе жіберді. Кездесу 28:29 есебімен аяқталды.
6 желтоқсанда өтетін ойында Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.
Гандболдан ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы масқара жеңіліске ұшырады
Әлем чемпионаты: «Жетісу» волейбол клубының қарсыластары анықталды
Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайды