Әлем чемпионаты: Бүгінгі жарыс күні қазақстандық таеквондошылар үшін сәтсіз өтті
Кения астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан таэквондодан 21 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында бүгін, 5 қыркүйекте қазақстандық спортшылар сәтсіз ойын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел құрамасынан Еркебұлан Еңсегенов (54 кг) жарысты сәтті бастады. Ол марокколық спортшы Жуад Маджды 2:0 есебімен жарыс жолынынан шығарып, келесі айналымға өтті. Одан кейін отандасымыз жарыс лидері саналған Египет спортшысы Асем Моатаз Беллах тоқтатты. 1/16 финалындағы кездесуде 0:2 есебі тіркеліп, отандасымыз жарыс жолынан шықты.
Ал қыздар арасында сынға түскен Айдана Сүндетбай (53 кг) Португалия спортшысы Дуарте Караға қарсы тартысты жекпе-жек өткізіп, өз еншісіне шешті.
Одан кейін Айдана 1/16 финалда түркиялық Узунджавдар Сыла Ирге (Түркия) 0:2 есебімен есе жіберді.
Ал Аружан Найманбаева Ұлыбритания спортшысына есе жіберіп, әлем чемпионатын аяқтады.
Сондай-ақ Бекасыл Ергеш (74 кг) Иран спортшысы Радин Зейналиге 0:2 есебімен есе жіберді.
Бейбарыс Қаблан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды