Әлем чемпионаты: Бүгінгі жарыс күні қазақстандық таеквондошылар үшін сәтсіз өтті

Әлем чемпионаты: Бүгінгі жарыс күні қазақстандық таеквондошылар үшін сәтсіз өтті

Кения астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан таэквондодан 21 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында бүгін, 5 қыркүйекте қазақстандық спортшылар сәтсіз ойын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел құрамасынан Еркебұлан Еңсегенов (54 кг) жарысты сәтті бастады. Ол марокколық спортшы Жуад Маджды 2:0 есебімен жарыс жолынынан шығарып, келесі айналымға өтті. Одан кейін отандасымыз жарыс лидері саналған Египет спортшысы Асем Моатаз Беллах тоқтатты. 1/16 финалындағы кездесуде 0:2 есебі тіркеліп, отандасымыз жарыс жолынан шықты.

Ал қыздар арасында сынға түскен Айдана Сүндетбай (53 кг) Португалия спортшысы Дуарте Караға қарсы тартысты жекпе-жек өткізіп, өз еншісіне шешті. 

Одан кейін Айдана 1/16 финалда түркиялық Узунджавдар Сыла Ирге (Түркия) 0:2 есебімен есе жіберді.

Ал Аружан Найманбаева Ұлыбритания спортшысына есе жіберіп, әлем чемпионатын аяқтады.

Сондай-ақ Бекасыл Ергеш (74 кг) Иран спортшысы Радин Зейналиге 0:2 есебімен есе жіберді.

Бейбарыс Қаблан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Тамерлан Тілеулес таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына екінші медальді салды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или