Ербол Мырзабосынов бұқаралық спорттың дамуына қатысты пікір білдірді

Ербол Мырзабосынов бұқаралық спорттың дамуына қатысты пікір білдірді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ulysmedia сайтына берген сұхбатында бұқаралық спорттың даму қарқынына тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұқаралық спортты дамыту – министрліктің сөзсіз басымдығы. Біз үшін тұрақты дене белсенділігі – ұлт денсаулығының негізі және жастарды зиянды әдеттерден қорғаудың ең тиімді жолы. Бүгінде тұрғындардың 40%-дан астамы спортпен жүйелі түрде айналысады. Ал біздің мақсат – 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу.

Дәстүрлі түрде ең танымал болып ойын спорт түрлері қала береді: футбол, волейбол, баскетбол. Алайда соңғы жылдары марафондар мен бұқаралық жүгіру жарыстарына қызығушылықтың айтарлықтай артқанын байқап отырмыз. Осы белсенділікті қолдау үшін жыл сайын шағын аудандық жарыстардан бастап ірі республикалық деңгейде 25 мыңнан астам әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі», - деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, елімізде 2012 жылы алғаш рет Almaty marathon жүгірісі ұйымдастырғалы бері жыл сайын жүгіретін жандардың қатары артып келеді.

Астана қаласында тұрғындарға Ботаникалық бақ, Орталық саябақ, Триатлон саябағы және т.б жерлерде жүгіруге мүмкіндіктер жасалған.

Әлем кубогының кезеңі: Қазақстандық конькимен жүгірушілер жарысты бастайды

Бейбарыс Қаблан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Астанада үстел теннисінен мықтылар турнирі өтеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или