Қазақстандық конькимен жүгірушілер Әлем кубогының кезеңін бастайды
5-7 желтоқсан аралығында Херенвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру бойынша Әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстаннан 15 спортшы (10 ер, 5 әйел) ел намысын қорғайды. Назарларыңызға біздің конькишілердің жарыс кестесін ұсынамыз.
Әйелдер. 5 желтоқсан
- 1000 метр: Елизавета Голубева, Арина Ильяшенко, Алена Лифатова, Надежда Морозова, Кристина Силаева
- 5000 метр: Надежда Морозова
6 желтоқсан
- 1500 метр: Елизавета Голубева, Арина Ильяшенко, Надежда Морозова
7 желтоқсан
- 500 метр: Арина Ильяшенко, Алена Лифатова, Надежда Морозова, Кристина Силаева
- Масс-старт: Елизавета Голубева, Арина Ильяшенко, Надежда Морозова
- Командалық спринт: Елизавета Голубева, Арина Ильяшенко, Надежда Морозова, Кристина Силаева
Ерлер. 5 желтоқсан
- 1500 метр: Роман Биназаров, Александр Кленко
6 желтоқсан
- 1000 метр: Роман Биназаров, Артур Галиев
7 желтоқсан
- 500 метр: Артур Галиев, Евгений Кошкин, Никита Важенин, Алтай Жардембекұлы
- Масс-старт: Виталий Щиголев, Вадим Якубовский, Андрей Зуев
- Командалық спринт: Нуралы Ақжол, Роман Биназаров, Артур Галиев, Александр Кленко, Никита Важенин, Алтай Жардембекұлы
Айта кетейік, Әлем кубогының бірінші лицензиялық кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтті (14-16 қараша), онда Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартып, күміс медаль жеңіп алды. 33.67 секунд нәтижесімен ол әлемдік «33 секунд» клубының үздіктер үштігіне енді.
Әлем кубогының екінші кезеңі Канададағы Калгари қаласында өтті (21-23 қараша), ал төртінші кезең Норвегияның Хамар қаласында өтеді (12-14 желтоқсан). Төрт кезеңнің нәтижесі бойынша 2026 жылғы Милан олимпиадасына лицензиялар бөлінеді.
Ал бесінші кезеңі Германияның Инцель қаласында өтетін Әлем кубогының (23-25 қаңтар) нәтижелері олимпиадалық ұпайларға әсер етпейді, бірақ бес жалпы әлем кубогының есебіне қосылады.