Серікжан Мужиков «Жетісуға» оралатын болды

Серікжан Мужиков «Жетісуға» оралатын болды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков қысқы маусымаралық үзіліс кезінде «Жетісуға» оралады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ASnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тәжірибелі ойыншы өткен маусымда «Елімай» және «Оқжетпес» командаларында ойнап, ҚПЛ-да өткізген 20 матчта бір гол соқты.

«Оқжетпесті» жаттықтырған қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» командасының бас бапкері болып тағайындалды.

Мужиков кәсіби мансабында «Жетісу», «Астана», «Қайсар» және «Тобыл» клубтарының намысын қорғады. Қазақстан құрамасы сапында 30 ойын өткізіп, екі гол соқты.

Қазақстанда танымал футбол бапкері кенеттен қайтыс болды

Қазақстан футбол клубының жұлдызы клубсыз қалды

Болгариялық бапкер ҚПЛ клубына келуі мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или